21 Тамыз, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа сәйкес, 1996 жылы туған қыз Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясына арыз жазған.
Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сарапта тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", — делінген хабарламада.
Алайда полиция департаменті күдіктінің кім екені туралы ақпаратты жария етпеген. Ал боксшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір