21 Тамыз, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит алуға жұбайының келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерңн бекіту туралы" қаулы қабылдады.
"Несие алу үшін жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшері 1000 АЕК мөлшерінде (2024 жылы 3 692 000 теңге) бекітілді. Банктік қарыз немесе микрокредит шартына қол қоймас бұрын банк немесе МҚҰ клиенттің тіркелген некесінің (ерлі-зайыптылығының) болуы туралы ақпаратты Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы тексереді. Ақпарат расталған жағдайда және егер кредит сомасы белгіленген шектен асып кетсе, кредитор жұбайының (зайыбының) банктік қарыз немесе микрокредит беруге келісімін алуға міндетті" – делінген ресми мәлімдемеде.
Түзетулер биыл 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір