• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Желтоқсан, 22:51:55
Алматы

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев пен өңір басшысы Ермек Көшербаев бірнеше бағыт бойынша өңіраралық кооперацияны күшейтуге келісті.

Кеңесте Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының екіжақты экономикалық байланыстары мықты екендігі атап өтілді. Мәселен, 2023 жылы өзара сауда көлемі 30 млрд теңгеден асты. Алайда тараптар өңірлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуеті айтарлықтай кеңейтілуі мүмкін екенін атап өтті.

Тараптар ШҚО ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Алматы жылына 4,2 млрд долларға 1,8 млн тонна өнім тұтынады, оның шамамен 45% - ы импортталады.

ШҚО-да өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін Алматы тұтынушыларына жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында делдалдарсыз, мегаполис тұрғындарына өз өнімдерін ұсынуды және өздерінің желілік сауда нүктелерін құруды жоспарлап отырған компаниялардың шорт-парағы жасалады.

Мегаполис базарларында Шығыс Қазақстандық азық- түлік тауарларының өкілдігін кеңейту үшін Алматыдағы қолдау құралдарын пайдалануға болады. Мысалы, «форвардтық сатып алу» және «айналым заемдары» бойынша қаржыландыру арқылы.

Қадамдық іске асыру жоспары 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастықтың Жол картасына енгізіледі.

Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу үшін «Алматы» ӘКК және «Ертіс» ӘКК бір-біріне сауда желілеріне және Алматының азық-түлік нарықтарына өнім жеткізуге келісімшарттар жасасу бойынша жәрдем көрсетеді.

Сондай-ақ туристік кластер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. ШҚО мен Алматы туристік көрікті жерлерімен танымал, оларға шетелдік қонақтар үшін бірыңғай туристік пакеттер түрінде бару жоспарлануда.

Кездесу барысында Алматы делегациясы цифрлық шешімдерді қолдануға, үлкен деректерді талдауға және пайдалануға негізделген қалалық жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, Индустриалды аймақ пен шағын өнеркәсіп парктерін дамыту тәжірибесі ұсынылды. Осы жылдың II тоқсанындағы жағдай бойынша Индустриалды аймақтың резиденттері 2 трлн теңгеге жуық өнім өндіріп, 54 млрд теңгеге жуық сомаға салық төледі. Сонымен қатар, қалада 4,4 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен шағын өнеркәсіп парктерінің 37 жобасы іске асырылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ШҚО-да ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ынталандыруға, өнеркәсіптік кәсіпорындардың кооперациясына және екі өңірдің туристік операторлары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі шараларға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Алматы және ШҚО әкімдері бұл келісім екіжақты ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейге шығуына ықпал ететініне сенім білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір