• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 22:06:49
Алматы
+35°

30 Шілде, 2024 NEWS

Атышулы "Бірақ" ток-шоуының кейіпкері Астанадан пәтерге ие болды

Бұл – "Қорғау Астана" дағдарыс орталығының 19 жыл жұмысындағы алғашқы жағдай.

Фото: ашық дереккөзден

Хабар арнасындағы дауға айналған "Бірақ" ток-шоуының кейіпкері Гүлмира Смаилова Астанадан үш бөлмелі пәтерге ие болды. Бұл туралы журналист Рахым Ошақбаев өзінің Іnstagram парақшасында жариялады. 

Журналист жариялаған видеодан алты баланың анасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Гүлмира Смайыловаға Астанадан үш бөлмелі пәтер беріліп, оның көзіне жас алғанын көруге болады.

Әйел қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс айтты.

Баспанаға қаржы жинау үшін ашылған қайырымдылық шарасы 2-3 аптаға созылып, 500-ден астам адам қатысқан. Бұл – "Қорғау Астана" дағдарыс орталығының 19 жыл жұмысындағы алғашқы жағдай. 

Еске салсақ, 2024 жылдың наурыз айында Гүлмира Смайылова "Хабар" телеарнасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бірақ" ток-шоуына қатысқан еді. Бағдарлама ұжымы Гүлмираның рұқсатынсыз тікелей эфирге кейіпкердің бұрынғы күйеуін алып келіп, татуласуға шақырған. Әйелді ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық көрген бұрынғы күйеуімен татуластырмақ болған журналистердің әрекеті халықтың ашуын тудырды. Кейіннен Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғам наразылығынан соң "Бірақ" ток-шоуының жабылатын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір