• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Маусым, 08:03:08
Алматы
+35°

“Қыз зорлады” деп айыпталған белгілі қаржыгер, трейдер Думан Ерқанатты Алматы қалалық соты ақтады. Бұл туралы қаржыгер әлеуметік желідегі парақшасында хабарлады.

Өзінің сөзінше, ол трейдинг курсы аясында Арайлым Төрегелді деген әйелмен танысып, кейін келісіммен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда әйел оның үстінен зорланғаны жөнінде арыз түсіріп, Думан Ерқанаттан 100 млн теңге талап еткен.

"Трейдинг саласына қатысты сұрақтармен Төрегелді Арайлым Бауыржанқызы деген әйел хат жазып жүрді. Бастапқыда күдіктенбедім де, еш арам ойым болған жоқ. Сондай кезекті хат Арайлымнан 2022 жылдың 4 желтоксан күні сағат 22:30 шамасында  келді. Сөйлесіп отырып, не істеп жатқанымды сұрады. Мен үйде жалғыз фильм көріп жатқанымды айттым. Ол бірге көргісі келетінін тұспалдады. Мен қарсы болғам жоқ. Осылай жарты сағатта өз көлігімен үйіме келді. Бұл кезде сағат 22:50 шамасы болатын. Бірге фильм қарадық. Әңгімелестік. Сонымен, қыз емеуірін танытып, қалауын білдірген соң жақындастық. Шалыс баспайтын адам болмайды ғой. Жасы 30 шамасындағы тек брендтен киінген , қымбат көлік мінген әйелге керегі төсек шығар деп ойладым. Мен оны зорлайтындай оған мұқтаждық жоқ еді. Қысқасы, қыздың көңілін қайтарғым келген жоқ. Сәлден соң Арайлым қарным ашты деп назданады. Екеуміз бірге тамаққа тапсырыс бердік. Бір сағаттан соң курьер келді. Бірге тамақтандық. Жобамен түнгі 01.30 шамасында Арайлым Төрегелдіні көлігіне дейін шығарып салып, алаңсыз ұйқыға жаттым. Арада екі сағат өткенде үстімнен арыз түскенін естідім. Арайлым Төрегелді зорландым деп арыз жазған. Мен қыздан мұнысы жала екенін айтып, не керегін сұрадым. Ол менен 100 млн теңге талап етті", – деп жазды ол.


Ұзамай кәсіпкер қамауға алынып, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының шешімімен айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Аудандық сот шешіміне келіспеген кәсіпкер қалалық сотқа шағым түсіріп, ақталып шыққан. Енді арызданушы тарап Жоғарғы сотқа жүгініп отыр.

Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан апелляциялық алқаның келтірген уәждерін, сот актілерін қарап шыққанын, оқиғаны қылмыс деуге келмейтінін мәлім еткен.

"Әуелі қылмыс болды ма, болмады ма соны айқын біліп алу қажет. Егер қызды қинаған, еркінен тыс күш қолданып жыныстық қатынасқа түскен болса, онда ол сөзсіз – қылмыс. Ал егер келісім болса қылмыс емес. Мен апелляциялық алқаның келтірген уәждерін, сот актілерін қарап шықтым. Жағдай ешқандай да қылмысқа келмейді. Алматы қаласының апелляцялық соты дұрыс шешімге келген екен деген ойда қалдым", – деді отандық YouTube арналардың біріне берген пікірінде.

Думан Ерқанат – биржа нарығы ар­қылы табыс табудың жолын үй­ретіп жүр­­ген кәсіпкер. Ол 10 жылға жуық уақыт АҚШ-та тұрып, әлемдегі ең ірі әрі көне бир­жалық сау­да алаңы – Нью-Йорк қор бир­жасы, қаржы орталықтары мен ха­­­лық­аралық корпорациялардың штаб-пәтері ор­наласқан әй­гілі Уолл-стрит ауданындағы компаниялардың бірінде білі­мін жетіл­дірген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Думан Ерқанат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір