• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Маусым, 05:06:44
Алматы
+35°

4 мамыр күні Астанада полицейлер "Тойота" көлігін тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқаруға рұқсаты жоқ және көлікті мас күйінде басқарғаны анықталған.

Артынша жүргізуші полиция майоры, Ақмола облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Қанат Жанаев екені белгілі болған.

Сот процесінде Жанаев кінәсін мойындап, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенін, ал жаңасын рәсімдеуге үлгермегенін айтқан.

Судья оны кінәлі деп тауып, бірақ құқық бұзушы құқық қорғау органынының қызметкері болғандықтан, оны әкімшілік қамауға алмаған. Тек қызметінен босатқан.

"Жанаев Қанат қызметтік тергеу нәтижесі бойынша теріс көрсеткіштерімен полиция департаментінен (ішкі істер органы) босатылды", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жүргізуші куәлігі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір