• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Мамыр, 05:09:00
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны бастау алған болатын. Ауқымды акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деген атаумен тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналды.

Иоо
Соған орай
бүгін “Жеңіс” саябағындағы Бауыржан Момышұлы ескерткішіне  санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысып, белсенді және ерікті жастармен бірге саябаққа тал көшеттерін отырғызды.

Илд

Жалпы осы күні демалыс орнына 500 түп раушан гүлі, 30 туя  мен 20 ясин ағашы егілді.

Тьб

 Республика көлемінде ұйымдастырылған ауқымды акцияның шеңберінде Тараз қаласында экологиялық іс-шаралар өткізілуде. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. Айшықты науқан алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тараз акция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір