• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 00:18:42
Алматы
+35°

15 Сәуір, 2024 Әлеумет

Көрнекі сурет

Қазақстандық мектептерде финдік буллинге қарсы бағдарламасы енгізілетін болады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.

Мектептердегі буллинг – бұл Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де проблема. Біз тәжірибені зерттеп, басқа елдердегі әріптестерімізбен тәжірибе алмасамыз. Министрлік кешенді және жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Осылайша, 2023 жылдың тамызында балаларды қорқытудан қорғау шаралары қарастырылатын, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кешенді жоспар қабылданды,- дейді Еділ Сабырұлы.                           

Сондай-ақ, буллингпен күресу үшін әр мектепте оған қарсы бағдарлама енгізіле отырып, «Өркен» ведомстволық бағынысты ұйымы өзінің буллингке қарсы бағдарламасын әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Жақында бағдарлама пилоттық режимде жұмыс істейтін болады. Содан кейін барлық мектептерге қолданылады.

- Қазір бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр, біз сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделеп, әлемдегі ең үздік тәжірибе – финдік Kiva бағдарламасын таңдадық. Қазір осы бағдарлама бойынша Финляндияның Турку университетімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Бағдарлама біздің мектептер үшін бейімделуден өтіп жатыр. Бағдарламаның бірнеше компоненті бар. Оқу жылының басынан бастап, біз бұл бағдарламаны пилоттық режимде бастаймыз, - деді вице-министр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір