08 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Құлсарыда су тасқыны кезінде екі ер адам көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Министрліктің хабарлауынша, екі ер адам трактормен су басқан үйді тексеруге бара жатқан. Алайда жолдан шығып, трактор аударылып қалған.
Сонымен қатар, Құлсарыда су тасқынынан 2680 үй суға кеткен.
Еске сала кетейік, Жем өзенінің арнасынан асуына байланысты Құлсары қаласын су басқан еді. Атырау облысында төтенше жағдай жарияланып, құтқарушылар 34 адамды қауіпсіз жерге көшірген, үй жануарларын да эвакуациялаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір