• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 10:35:24
+35°

29 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Толассыз жауған жаңбырдан кейін Алматыда не болды?

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері 28 наурызда кешке қарай Алматыдағы жағдай туралы айтты. Кеше қалада шаңды дауыл тұрып, қатты жаңбыр жауып, аулалар мен көшелерді су басып қалды.

Фото: ашық дереккөзден

ТЖМ мәліметінше, 28 наурызда кешке қарай Алматыда ауа райы күрт нашарлап, екпінді жел 18-24 м/с дейінгі жылдамдыққа дейін жетіп, нөсер жаңбыр жауғанына байланысты қаланың барлық ТЖ қызметі мен коммуналдық кәсіпорыны күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылған.

38 жеке үйдің аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерін су басқан. Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су басу салдарын уақтылы жоюда.

"Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарда.

Төтенше жағдайлар департаменті кеше, 28 наурызда 112 желісіне тұрғындардан ағаштардың құлағаны бойынша – (көліктерге 13 жағдай, ғимараттарға – 2 жағдай, газ құбырларына – 3 жағдай) қоңырау түскенін хабарлады. Қоңырауларға жедел жуап беру мақсатында қалалық төтенше жағдайлар бөлімінде сенім телефоны ашылып, 112 оператор қызмет көрсеткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір