• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 07:32:18
Алматы
+12°

14 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Елімізде етті мол асатын өңірлер мен нанды көп жейтін өңірлер белгілі болды

Елімізде етті мол асатын өңір — Жамбыл, ал нанды көп жейтіндер Түркістан облысында тұрады. Ұлттық статбюро 2023 жылдың ІV тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну көлемі жөніндегі деректерді жариялады.

Көрнекі сурет

Әр отбасының азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығынының көлемі қатты өзгермеген.

Ондағы шығынның ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17.4%), нан мен жармаға (8%), сондай-ақ, сүт өнімдеріне (5,4%) тиесілі.

Аймақтар арасында жекелеген азық-түлік өнімдерінің тұтынылуын салыстыратын болсақ, нан мен жарма өнімдерін ең көп тұтынатындар Түркістан облысында тұрады — 44,1 кг (тоқсанына жан басына шаққанда).

Ет және ет өнімдері бойынша Жамбыл облысындағылар — 25,8 кг, балық өнімдерін ШҚО, БҚО және СҚО тұрғындарының дастарханынан жиі табуға болады — бір адамға шаққанда тоқсанына 5,2 кг, көкөніс бойынша Түркістан облысындағылар — 23,8 кг, жемістер алматылықтар арасында — 22,1 кг, ал тәттілер Ұлытау облысында — 14,4 кг көп тұтынылған.

Соңғы бес жылдағы деректерді алып қарасақ, ет пен балық тұтыну көрсеткіші жыл сайын ІV тоқсанда, ал көкөніс пен жеміс тұтыну ІІІ тоқсанда көбейетінін байқауға болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ет нан азық-түлік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір