• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 18:47:01
Алматы
+35°

Фото ашық дерекккөзден

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров көпбалалы аналардың тісін тегін емдеп беруді ұсынып, премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады.

   Депутаттың айтуынша, экономиканы дамытатын басты қайнар көз – адам.

– Адамды дүниеге әкелетін – әйелдер. Мемлекет оларға қамқорлық жасап, олардың жан-дүниесін аялап, денсаулығына баса мән беруіне міндетті. Елімізде әйел босанғаннан кейін денсаулығын сақтау үшін қандай шаралар қарастырылған? Бала туғаннан кейін берілетін жәрдемақы бар. Оның мөлшері – 1-3 балаға 140 мың теңге, төрт және одан көп балаға 232 мың теңге қарастырылған. Шындықты айтсақ, бұл – әйелге емес, баланың күтіміне берілетін сома, – деді Ерлан Сайыров.

Сондай-ақ  депутат шетелде бала күтіміне берілетін сома жоғары екенін айтады. Мәселен, Ресейде ана капиталының сомасы бірінші балаға 639 мың рубль (3 млн 195 мың теңге), екінші балаға 883 мың рубль (7 млн теңге) беріледі.

– Қазақстанға да лайықты, әділетті ана капиталын жасақтайтын уақыт жетті. Бұл – кезек күттірмейтін мәселе. Елімізде ұзақмерзімді демографияны дамыту стратегиясының басты аспектісі – лайықты ана капиталын қалыптасыру. Ана бала көтергенде, құрсақта баланың қалыптасуына кальцийді көптеп жұмсап, өзінің тісінен айырылатыны – медициналық факт. 543 мың көпбалалы әйелдің барлығының басында бар проблема – тістің түсуі, – дей отырып, көпбалалы аналардың тісін тегін емдеп беруді ұсынды.

– Қазақстандағы стоматология бағасының күйіп тұрғанын бәріміз жақсы білеміз! Сондықтан бірінші кезекте көпбалалы аналарға тісін жөндеу үшін бірреттік қаржылық төлем қалыптастыру қажет. Бала тапқан әйелдердің денсаулығын қалыпқа келтіріп, ұстап отырудың мемлекеттік стандарттары керек, – деді депутат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір