• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 04:06:20
Алматы
+35°

01 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Қазақстандық FlyArystan ұшағы басқа ұшақпен соқтығыса жаздады

22 ақпанда Алматыға бет алған FlyArystan ұшағы Мумбай әуежайының ұшу-қону жолағында Air India әуе компаниясының Airbus A319 ұшағымен соқтығысып қала жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Ашық дереккөзден

БАҚ мәліметінше, қазақстандық ұшақ ұшу-қону жолағына кезекте тұруы керек болатын. Алайда пилот ұшу жолағын шатастырып алған.

Бұл уақытта Air India әуе компаниясының ұшағы жылдамдық ала бастаған. Алайда пилот FlyArystan бортының қозғалысын байқап, жылдамдығын күрт бәсеңдетіп, көкке көтерілмей, соққтығыстың алдын алған.

Үндістан авиациясы оқиғаны тергеуді бастады.

«FlyArystan компаниясы Чхатрапати Шиважи халықаралық әуежайымен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізуде», – делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір