• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 22:37:33
+35°

27 Ақпан, 2024 Атырау облысы

АМӨЗ-де бензин төгілді. Желідегі видеоға қатысты зауыт басшылығы жауап берді

Әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытынан түсірілген видео тарады. Видеодан қандай да бір құбырдан сұйықтық су бұрқақ құсап атқылап жатқанын көруге болады. Мұны желіге жүктеген жергілікті тілші зауытта бензин төгіліп жатқанын айтады.

видеодан алынды

Аталға видеодағы жағдайға қатысты "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС түсініктеме берді, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Кәсіпорын аталған оқиғаның, кеше, 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да орын алғанын нақтылады.

"Бутенді олигомеризациялау қондырғысында қондырғыны іске қосуға арналған тікелей айдалатын бензин коллекторында ақау анықталды. Өнімді тез ығыстыру үшін бұл желіге 15 кгс/кв см қысыммен су жіберілді. Қазіргі уақытта ақаулы аумақты жою бойынша жедел шаралар қабылданды. Барлық технологиялық қондырғы қалыпты жұмыс істеп тұр, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүргізілуде", деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі қанша бензин төгілгені туралы айтпады, тек қызметтік тергеу жүріп жатқаны белгілі.  

Айта кетсек, 2024 жылы 16 ақпанда "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Бас директорының орынбасары – бас инженер Әділет Шошанбасов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, үндеу жариялады. Ол өз үндеуінде АМӨЗ-дің бас директоры Ғалымжан Жусанбаевты мәселені шешкеннің орнына орынсыз мінез-құлық танытуға бейім деп айыптады. Зауыттың бас директоры Президентке хат жолдап, өзі қабылдаған жаңашылдықтарға қол астындағылар дайын емес екенін, сол себепті қысым көріп жатқанын айтып ақталды. Қос басшының дау-дамайы екеуінің де қызметтен босатылуымен тынған еді. Бұл туралы Qamshy.kz сайтындағы "Президент кеңесшісі Атырауға шұғыл ұшты. Мұнайлы өңірде не болып жатыр" атты мақаладан кеңірек біліп-таныса аласыздар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АМӨЗ бензин видео

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір