• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 02:48:21
Алматы
+35°

27 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Құлыбаевтың орнын басқан Головкин желіде жазба жариялады

Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы лауазымына тағайындалған WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде жазба жариялады.

ҚР ҰОК

Даңқты спортшының Instagram-дағы парақшасындағы жазбасы қазақ тілінде басталады.

"Қадірлі достар, бүгін құттықтауын жолдаған барша спортсүйер қауымға алғысым шексіз! Халықаралық олимпиадалық қоғамдастықта еліміздің атынан қызмет ету мен үшін үлкен абырой әрі жауапкершілік. Алдымызда үлкен міндеттер тұрғанына қарамастан, ел спортына пайдам тиеріне шын сенемін! Ең бастысы – біздің жұмыс істеуге деген үлкен ниетіміз бен сіздердің шексіз қолдауларыңыз бар! Рахмет!", делінген жазбада.

Айта кетсек, күні кеше ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев Бас Ассамблея мүшелеріне ұйым президенті ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданғаны белгілі болды. 

Бас Ассамблея мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР ҰОК президенті болып Қазақстан боксшысы, 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері, көптеген  атақтың иесі Геннадий Головкин сайланды. 

Тимур Құлыбаев - Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы. Forbes-тың 2023 жылға арнаған қорытынды есебінде Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың жиынтық табысы бір жылда 800 млн долларға көбейіп, Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінің алғашқы үштігін құрайтыны нақтыланады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір