• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Сәуір, 23:40:40
Алматы
+35°

26 Ақпан, 2024 Саясат

Бір АЭС салдырумен құтылмаймыз

Бұл – Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзі.

kursiv.media коллажы

Таяу уақытта Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтеді. Оны Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырып, өткізеді.

Энергетика министрлігі бұл тірлікті «бөтен елдің Қазақстанға АЭС салып беруі» деп емес, «Қазақстанда атом индустриясын дамыту» деп қарастырады.

Өткен жұмада "Қазақстан өз жерінде үш АЭС салғыза ма?" деген сауалға жауап берген Сәтқалиевтің сөзінше, мәселе бір немесе бірнеше АЭС-тің құрылысымен ғана тынбайды.

Уранды өндіру, оны өңдеу жүйесін дамыту мен жетілдіру, тиісті ғылыми-қолданбалы зерттеулерді дамыту, ғылыми база әзірлеу, кадр даярлау, көптеген сабақтас өндірістерді дамыту, дәлдігі жоғары құралдар, жылу бөлетін өнімдер өндірісімен байланысты түрлі санаттағы металлургияны дамыту сияқты жұмыстар мен кешенді шаралар қолға алынады", деді министр.

Бұл – АЭС құрылысы туралы шешім қабылданған жағдайға арналған жоспар болса керек, әрине.

Еске салсақ, соңғы рет 2023 жылдың 4 желтоқсанында Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанда жалпы қуаты 2400 МВт -қа дейінгі 3+ буынды ядролық реакторлары бар екі атом электр станциясын салуды ұсынған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір