• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 08:34:31
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2024 Әлем

Ресейде адыраспанды қолдануға тыйым салынды

Ресейде тыйым салынған өсімдіктер тізіміне Қазақстанда қасиетті деп саналатын адыраспан да еніп кетіпті.

әлеуметтік желіден алынды

Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин мемлекеттік бақылауға жататын есірткі құралдарының тізімі туралы қаулыға түзетулер енгізді. Адыраспан, міне осы тізімде жүр.

Құжатта аталған өсімдіктің құрамында психотропты алкалоидтар бар екені атап көрсетілген.

Адыраспан - Орталық Азия, Ресей, Кавказ, Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка және т.б. елдерде далада өсетін көпжылдық арамшөп текстес өсімдік.

Қазақтар және өзге халықтар адыраспанды қасиетті өсімдікке балайды. Кейбіреулер үйді тіл-көзден қорғайды деп оның құрғақ сабақтарын буып, есіктің маңдайшасына іліп қояды. Сондай-ақ оның түтіні әртүрлі микробтар мен вирустарды жояды, сол секілді көзге көрінбейтін жын-шайтандарды қуады деген де сенім бар. Сонымен қатар, әртүрлі ауруларды емдеу үшін адыраспанды қайнатып, тұнба әзірлеп жатады. Халық емшілері адыраспанды адамның радикулитін, сегізкөздің нерві ауруын емдеуге де жиі қолданған. 

Қазақта: «Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деген сөз де бар. Жалпы, ол улы өсімдік...

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: адыраспан Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір