• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 07:22:09
+12°

20 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Оңтүстіктен солтүстікке көшу бағдарламасы жақсы нәтиже бермеді — Сенат төрағасы

Кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында халық саны азайды. Бұл туралы Сенатта демографиялық өсу тақырыбына арналған Үкімет сағатында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

senate.parlam.kz

Яғни, сенат төрағасының сөзінше, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында халық саны азайған.

- Бұл ретте оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы күтілген нәтижені бермегенін мойындауымыз керек. Осы орайда қазір Сенатта қаралып жатқан Көші-қон туралы жаңа заң еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру үшін жаңа ынталандыру шараларын қарастырады деп сенеміз. Сонымен қатар осы бағытта басқа да іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет. Демографиялық жағдайды ескере отырып, әлеуметтік, транспорттық және инженерлік инфрақұрылымның да тиісті деңгейде дамуын қамтамасыз ету керек. Мұнамен қоса, азаматтарымыздың жан-жақты дамуы үшін сапалы, экологиялық орта қалыптастыру да маңызды іс. Қазіргі кезде еліміздің демографиялық дамуына байланысты осындай мәселелер бойынша тиімді ведомствоаралық іс-қимылды арттыру қажет, - деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір