• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 09:53:15
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2024 Маңғыстау облысы

Жемқорлар Каспий жағалауындағы 3,5 мың гектар жерді де сатып жіберген

Кендерлі құмқайыры деп аталатын бұл учаске шығанақтың оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымға созылатын облыстың басты көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Сол кезде 3 млрд теңгеге сатылған жер телімінің қазіргі құны 30 млрд теңгені құрайды.

Ашық дереккөзден алынды

Маңғыстау облысының прокуратурасы Каспий теңізінің жағалауы бойындағы 3,4 мың гектар жер учаскесін жеке тұлғаға заңсыз беру фактісін анықтады.

Бастапқыда, 2007 жылы жер учаскесі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға сауықтыру кешенін салу үшін 3,1 млрд теңгеге сатылып, кейіннен «Гелиос» ЖШС-ға 3,3 млрд теңгеге қайта сатылғаны анықталды.

Талдау барысында аталған жер учаскесі ЖАО-мен ҚР Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, заңсыз берілгені белгілі болды.

Атап айтқанда, жер комиссиясының отырысы өткізілмегені, сондай-ақ жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы бекітілмегені анықталды.

Осылайша, жер учаскесін берудің жалпы тәртібі бұзылды (Жер Кодексінің 43-бабы).

"Облыс прокуратурасының қадағалау актісінің негізінде уәкілетті орган сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз енгізді. Экономикалық соттың шешімімен талап қоюшының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды (заңды күшіне енген жоқ). Бүгінгі күнде жер учаскесінің кадастрлық құны 30 млдр теңгеден асады", делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының хабарламасында.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір