• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 13:43:18
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Өзбекстанда бокстан топ жарып жүрген қазақ жігіт елге оралды

Ол КСРО кезінде Қызылорда облысына қарасты болған, одан соң шекара бөлгенде Өзбекстанға өтіп кеткен Тәуелібай ауылында дүниеге келіпті.

видеодан алынды

Өзбекстан Республикасының бокстан 2023 жылғы чемпионатының қола жүлдегері Аман Қонысбеков Қазақстанға қоныс аударды. 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қандасымыз Астана қаласына көшіп келді. Ол қазіргі кезде елордада ағасымен бірге тұрып жатыр. Ал бокстан жарыстарға Түркістан облысының атынан қатысады, делінген Инстаграмдағы kazakhboxing парақшасында.

Аман отандық былғары қолғап шеберлерімен бүгін Алматыдағы оқу-жаттығу жиындарында жүр.

Айта кетейік, Қонысбеков былтыр Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен кездескен. Сол кезде үш раунд қорытындысы бойынша Муйдинхужаев төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Дегенмен, сол даулы кездесудің бірінші раундында Қонысбеков қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенін еске сала кетейік.

Аман баурымыз Өзбекстанның Наваи облысы, Кенімех қаласы, Зафарабад ауылында туған. Бухарада университетте оқып, жаттығу жасаған.
Спортшының туып-өскен жері Тәуелібай деп аталған бұрында. Кенімех, Зафарабад, Зарафшан, Ұщқұдұқ, Тамды деген жерлер. Қызылорда облысына қарасты болған КСРО кезінде, одан соң Өзбекстанға өтіп кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір