• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Сәуір, 22:53:09
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

"Құр жоғалтқан он жыл"

Дүниежүзілік банк 2012-2022 жылдар аралығын Қазақстан үшін "құр жоғалтқан онжылдық" деп бағалады

Ашық дереккөзден алынды

    Дүниежүзілік банк бұл туралы "Қазақстан экономикасы туралы – 2023-2024 жылғы қыс" баяндамасында айтты.

    – 2000-2007 жылдары өндіріс факторларының жиынтық өнімділігі жылына орта есеппен 4,5% айтарлықтай өскенімен 2012-2022 жылдары жылына 0,9%-ға дейін төмендеді. Шын мәнінде, бұл Қазақстан үшін құр жоғалған онжылдық болды, – делінген хабарламада. 

    Құжатта сонымен қатар Қазақстандағы өнімділіктің төмендігі мен экономиканың құрылымдық кемшіліктеріне байланысты ұстамды өсуді көрсетіп отырғаны айтылған.

   Ең айқын кемшілік – бұл ЖІӨ-нің 2007 жылға дейін 26%-дан кейінгі онжылдықта күрделі инвестициялар 23% азайғаны. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, Қазақстан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) аз қаражат бөледі. Ал табысы орташадан жоғары елдердің орташа көрсеткішінен де аз. Себебі 2008-2009 жылдардағы банктік дағдарыс компаниялар үшін несие ағынына кедергі келтірген.

    – Нақты мағынада 2022 жылы бизнесті несиелендіру қоры 2007 жылғы деңгейден шамамен 35 пайыз аз болды, – делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір