• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Сәуір, 22:30:43
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

«Берілген уақыт аз ғана». Екі баласын өлтірген әйелдің соңғы жазбасы

Келіншек екі баласы мен өзінің қолын суретке түсіріп, жазба жариялаған.

Суурет ашық дереккөзден алынды

Түркістан облысында жантүршігерлік оқиға орын алған болатын. Шиелі ауданындағы Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде тәрбиеші болып жұмыс істеп келген 31 жастағы әйел 6 ақпанда ешкімге ескертпестен үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған.

Сонда пәтер жалдап, ертесіне, 7 ақпанда 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген.

Осы оқиғаның алдында келіншек өзінің Instagram парақшасына балалары мен өзінің қолының суретін салып, «Жүректеріміз мәңгі бірге» деп жазыпты. Оған Нұрмахан есімді әншінің «Бізге берілген уақыт аз ғана» деген әнін қосқан.

Әннің мәтінінде:

«Ешкімге айта алмай,

Барамын тұншығып.
Мың түрлі сынақтан,
Өте алмай жүрміз күрсініп.
Тағдырға босқа қырсығып,

Бізге берілген уақыт аз ғана», деген сөздер бар.

Келіншекті жақсы танитын достары, сыныптастары мен сынып жетекшісінің сөзінше, ол толыққанды отбасынан шыққан, қайын жұртының тұрмысы жақсы, өзі өте ақкөңіл, жүрген ортасын күлдіріп жүретін ашық мінезді, қонақжай әрі балаларын қатты жақсы көретін әйел. Ешқандай диспансерлік есепте тұрмайды. Мұндай қылмысқа барады деп ешкім ойламаған.

Қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір