• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Қараша, 07:36:25
Алматы
+12°

08 Ақпан, 2024 Оқиғалар

Динара Закиева: Екі бала анасының қолынан қаза тапты

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан қаласында болған жантүршігерлік қылмыстық оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ашық дереккөзден алынды

"Екі бала анасының қолынан қаза тапты. Иманды болсын, періштелер... Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқанын айтқаны белгілі. Істің мән-жайы анықталуда. Тергеу жұмыстарымен Түркістан облысының ПД айналысуда", деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл желідегі парақшасында.

Айта кетсек, 7 ақпанда Түркістан қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылды. Бүлдіршіндердің анасы аталған қылмыс бойынша күдікке ілінді. Жергілікті Otyrar телеарнасы күдікті әйелдің Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Пушкин атындағы №46 мектепте тәрбиеші болып жұмыс істегені туралы ақпарат таратты. Бұл ақпаратты Шиелі аудандық білім бөлімі нақтылады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір