• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 07:27:06
+35°

08 Ақпан, 2024 Әлем

Әзірбайжандағы президент сайлауы: Ильхам Әлиев 92,0,5% дауыс жинады

7 ақпанда Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Оппозиция сайлауға қатысудан бас тартқан. Сондықтан қазіргі президент Илхам Әлиевтің "жеңісіне" ешкім шүбә келтірмейді. Оны бүгін, таңертең жарияланған алдын ала дауыс беру нәтижелері де растап отыр.

Instagram/presidentaz

Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Мазахир Панахов президенттік сайлаудың алдын ала қорытындыларын жариялады. Ондағы мәліметтерге сәйкес, Ильхам Әлиев президенттік сайлауда кейін сайлаушылардың 92,0,5% дауысына ие болып, көш бастап тұр.

Ол ОСК-ға 125 сайлау округі бойынша ашылған 6537 сайлау учаскесінің 6102-сінен (93,35 пайыз) дауыс беру нәтижелері келіп түскенін атап өтті. Панахов хаттамаларға сәйкес, жарамды деп танылған дауыстардың саны 4 миллион 651 мың 473 болғанын атап өтті.

Ресми дерек бойынша, үміткерлерге берілген жарамды дауыстар үлесі төмендегідей:

- Ильхам Әлиев - 4 миллион 281 мың 625 дауыс (92,05);

- Фуад Әлиев - 24 мың 799 дауыс (0,53 пайыз);

- Гудрат Гасангулиев - 81 мың 799 дауыс (1,76 пайыз);

- Эльшад Мұсаев - 31 мың 33 дауыс (0,67 пайыз);

- Фазиль Мұстафа - 92 мың 980 дауыс (2 пайыз);

- Рази Нуруллаев - 37 мың 386 дауыс (0,80 пайыз);

- Захид Орудж - 101 мың 851 дауыс (2,19 пайыз).

Айта кетсек, Әзірбайжанда заң бойынша президент сайлауы 2025 жылы өтуі тиіс болған, алайда Таулы Қарабақты өзіне қайтарып, танымалдығы артқан Әлиев оны биыл өткізуді жөн көрген. Сондай-ақ 2024 жылы қарашада Әзербайжанда БҰҰ-ның климаттық саммиті өтеді деп жоспарланып отыр.

Негізінен, Ильхам Әлиев 2003 жылы Гейдар Әлиевтің орнын басқан болатын. Одан кейін ол 2008, 2013, 2018 жылдары қайта-қайта сайланып, ел басшылығына келіп алды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір