• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 07:25:43
+12°

06 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Әуесқой аңшыларға киік атуға рұқсат беріледі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік атуға әуесқой аңшыларға рұқсат беру бойынша жалпы ереже дайындалып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ашық дереккқзден алынды

Министрдің сөзінше, өзгеріс 2025 жылы жаңадан жалпы ереже қабылданғаннан кейін енгізіледі.

- Жыл басында әуесқой аңшылар киік атуға рұқсат беруді сұрады. Бірақ біз бұған дейін рұқсат бермей келдік. Киік санын реттеу үшін тек "Охото промға" ғана оларды атуға болатын еді. Аңшылық ұжымдардан келген ұсыныстарды топтап, талдай келе киік ату бойынша жалпы ережені әзірлеп жатырмыз. Келесі жылдан бастап әуесқой аңшыларға да киік атуға рұқсат беру бойынша өзгеріс енгізуге әзірленіп жатырмыз. Оны ашық айту керек", — деді министр.

Бұған дейін Экология министрі Серікқали Брекешев ақбөкендер фермерлердің егінін таптап жатыр деп мәлімдеген еді. Содан кейін ведомство "жануарлар санын реттеу шеңберінде" 80 мың ақбөкенді ату туралы шешім қабылдаған.

Бұл шешім қоғамның біршама сыны мен наразылығын туғызды. Бұған қарамастан, киік атуды министрлік заңдастырды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығына сәйкес, ақбөкендерден басқа, саны реттелетін жануарлар тізіміне қасқырлар, шибөрілер, қарғалар, үлкен корморанттар, жыланбас балықтар енді. Тізімдегі жануарлардың саны халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа үй жануарларының ауруларынан қорғау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу мақсатында реттелмек.

Сондай-ақ Қазақстанда 2024 жылы тағы 300 мың киік ату ұсынылып отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір