• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Мамыр, 17:21:30
Алматы
+35°

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР білім беру үздігі Құныпия Алпысбаев 1949 жылы тамыздың 4 жұлдызында Қытай Халық Республикасының Баяндай ауылында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмәмдап, университет басшылығының ұсынысымен кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, дайындық бөлімі деканының орынбасары, сырттай оқытатын филология факультетінің деканы қызметтерін атқарды.

1986 жылы «Қазіргі қазақ поэмасының жанрлық мәселелері» және 2000 жылы «Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным мен көркемдік» атты тақырыпқа докторлық диссертация қорғап, 2001 жылы профессор атағына ие болды.

Елімізде алғаш ашылған «әдеби шығармашылық» және «көркем аударма теориясы» секілді мамандарын дайындауда сапалы оқу-әдістемелік кешендері мен бағдарламаларын әзірлеген.

Көптеген сын-зерттеу мақалалары жарияланған. Оның бірқатары шетелде, яғни Түркия, Қытайда басылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір