• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 11:41:24
Алматы
+12°

26 Қаңтар, 2024 NEWS

Павлодарлық тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі бостандыққа шықты

Орталық дәрігерлері тарапынан науқасқа екі күн бойы ем қабылдау шаралары жасалды.

Фото: Ашық дереккөз

Кеше әлеуметтік желіде белсенді Руза Бейсенбайтегінің психологиялық орталыққа жатқызылғаны туралы ақпарат қызу талқыға түсті. Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісі өңірдегі денсаулық басқармасына хабарласқан болатын. Басқарма өкілі ақпаратты растады. 

"Науқас Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығына 24 қаңтар күні сағат 16.30-да түскен. Өзге мәліметтер “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстінің 273-бабының негізінде жария етілмейді", деді басқарма өкілі. 

Әлеуметтік желідегі наразылықтардан кейін бүгін тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі бостандыққа шықты. Алайда оны психологиялық орталықтың есебіне тіркеген.  

"Оқиға орнына келген медициналық бригада психикалық ауытқулары белгілерімен Р.Б. есімді 66 жастағы әйел адамды Павлодар облыстық Психикалық денсаулық сақтау орталығына жеткізді.

Орталық дәрігерлері тарапынан науқасқа екі күн бойы ем қабылдау шаралары жасалды. Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін денсаулық жағдайының жақсаруына орай, консилиум шешімімен науқас диспансерлік бақылау ұсынысымен үйіне қайтарылды.

Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес, алдағы уақытта науқастың психикалық ауытқулары нашарлап, айналасындағы адамдарға зиян келтіру ықтималдығы қайта байқалған жағдайда, ол емдеуге жіберілетін болады", – деп хабарлады Павлодар облысы ДСБ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір