• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 00:18:18
Алматы
+35°

28 Желтоқсан, 2023 Әлеумет

Орыс тілін төрлету саясаты тағы басталды...

Ертең "ей, қазақ, орысша жазу қайда?" деп әкіреңдеу басталады.

Фото: qmonitor.kz

Осыдан 2 жыл бұрын Тіл саясаты комитетінің қолдауымен Қазақ тілінің аясын кеңейтуге қатысты заң қабылданған еді.

Тіл мәртебесіне бағытталған заң қазақ тілінің мерейін өсіріп, кез-келген ортада қазақ тілінде қызмет етуді талап қыла алатындай жағдайға жеттік деп қуанып едік.

Енді кеше Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидаларын бекіту туралы №114 бұйрықты" қабылдапты. Оған вице-министр Иран Шархан қол қойған.

Яғни, Шарлапаев келіп, "Маңдайшалар тек қазақ тілінде ғана емес, міндетті түрде орыс тілінде қатар жазылу керек". Сондай-ақ маңдайшаға мекеме атауын тек қана мемлекеттік тілде жазуға, латын әрпін қолдануға тыйым салыныпты.

Бұл енді еліміздегі барлық мемлекеттік мекеме орыс тілін қолдануы міндет деген сөз. Қазақтың елінде қазақтың бұйрығымен қор болған қазақтың тілі.

– Осыдан екі жыл бұрын желтоқсан айында Тіл туралы арнайы заң қабылданды. Бүкіл жарнама, ел, жер, елдімекен, жер-су атаулары, асхана, тойханалардың ас мәзірлері міндетті түрде қазақ тілінде жазылуы керек деп Парламентте талқыланып, қабылданған. Ол заң бірақ "ит үреді, керуен көшеді" күйі қалды. Ескерусіз қалды, ешкім елемек түгілі, ол заңның барын да білмейді. Өнеркәсіп министрлігінің бұл бұйрығы да жайына қалса екен. Өйткені негізгі заң орындалмай отыр. Біздегі барлық мекемелерде іс-қағаздардың бәрі онсыз да орыс тілінде жазылып жүр ғой.

Мен орыс тілінің міндетті болуына қарсымын. Қазақстанда тек қана қазақ тілі дара жүруі керек. Егер заңда қазақ тілінде жазылуы керек деп, ал іс жүзінде қазақ тілі қолданылмаса, онда орыс тілін алып тастайтын кез келді. 34 жылда үйренбеген тілімізді бұлар енді үйренбейді де. Биліктегілерге кезінде қазақ тілін үйренуге уақыт та берілген. Бірақ үйренген ешкімді көрмедім. Сондықтан да хабарландыру да, маңдайшадағы тақтайша да тек қазақ тілінде ғана жазылуы керек, – дейді тіл жанашыры Бейбіт Оспан.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір