• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 14:11:38
Алматы
+8°

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Жаңа жыл елімізді аралауда» дәстүрлі Президент шыршасы өтті. Мерекеге 300-ден астам бала, оның ішінде жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар шақырылды.

ыс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан шырша қонақтарын Алматы әкімі Ерболат Досаев құттықтап, балаларға зор денсаулық, табыс және жаңа жылда барлық ниет- армандарының орындалуын тіледі.

ыс

Концерттік бағдарлама «Жаңа жылдық сиқыр» музыкалық-интерактивті шоу-спектаклі болды. Спектакльдің ажырамас бөлігі Еркеш Хасеннің оырндауында «Жаңа жыл» әнінің орындалуы мен балалардың шыршаны айналып, осы әнді айтулары арқылы Шыршаның жағылуы, Аяз Ата мен Ақша қардың, 2024 жылдың символы – айдаһар мен танымал мультфильмдер мен аниматорлар кейіпкерлер болды.

сыф

Айта кетерлігі, биыл шыршаның төменгі бөлігіне ойыншықтар ілінбеді, балалар өздері оны безендіруге қатысып, «жасыл шыршаға» жаңа жылдық ойыншықтарды ілді. Іс-шара соңында барлық қонақтар Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір