• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 06:10:56
Алматы
+35°

20 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

Талапкердің тұңғыш кітабы

Жас талапкер Жанерке Мараттың «Ziyaly» баспасынан «Мен әлемді сүйемін» атты түрлі-түсті кітабы жарық көрді.

Жанерке Мараттың алғашқы кітабы

2023 жылдың соңында жас талапкер Жанерке Мараттың «Ziyaly» баспасынан «Мен әлемді сүйемін» атты түрлі-түсті кітабы жарық көрді. 19 жастағы қаламгердің бұл тырнақалды туындысы. Оның алғашқы мақалалары мектеп қабырғасында, үшінші сыныпта оқып жүрген кезінде-ақ «Ұлан», «Қазақстан патриоты» басылымдарында жарық көре бастаған. 

Жанерке Марат 2004 жылы Алматы қаласында журналистер отбасында дүниеге келген.  2022 жылы Ш.Уәлиханов атындағы мамандандырылған мектеп-гимназияны «Алтын Белгіге» бітірді. Пәндер бойынша үздік жетістіктері үшін «Ел бірлігі» (бұрынғы «Елбасы») медалімен марапатталған. Шетелде оқу үшін бір жыл бойы ағылшын тілімен айналысты. Қоғамдық жұмыстарға атсалысты. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының және «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі. Өткен жылы Орталық музейде өзінің жеке сурет көрмесін өткізсе, биыл міне, арманына қол жеткізіп жеке кітабы баспадан шығып отыр.

Ата-анасымен бірге көптеген мемлекеттерді аралаған, тарихи орындарды көзімен көрген жеткіншек өз әсерін құрбы-құрдастарымен бөліскісі келетін. Олардың қатарында өзі қалам тербеген ежелгі Троя, Топқапы сарайы, құм ішіндегі Дубай,  Алеппо, Агра, Куско, Карнак, Карфаген, Стоунхедж, Сидон, Мараккеш сияқты көне қалалар бар. Арман ақыры нақты нәтижеге айналды. Кітапқа зеределі жастың мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарының жетекшілігімен жүргізген жүйелі зерттеулері, ғылыми-көпшілік материалдары да енгізілген.   

Жинақ «Саяхатқа барғанда», «Ежелгі қалалар тарихы», «Тарих – ғылым мен өнерді жалғастырушы көпір», Бала шақтан – болашаққа», «Ғылыми-көпшілік жұмыстар» сияқты бес тараудан тұрады.  Кітап ҚР Ұлттық кітапханасының қорына алынды.  
 

Жинақпен мына сілтеме бойынша танысуға болады:     

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір