• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Ақпан, 12:26:55
Алматы
+35°

Астананың жоғары оқу орындары мен студент жастары арасында «Jastar Jalyny-2023» шығармашылық фестивалі басталды. 13 желтоқсан күні сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, яғни 4 желтоқсан күні басталып, 12 желтоқсанға дейін созылатын фестиваль барысында жастар 10 номинация бойынша сынға түседі.

Фестиваль Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтеді.

«Jastar Jalyny-2023» фестивалі жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, дарынды жастарды анықтау, дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және жағдай жасау, рухани және мәдени әлеуетін дамыту, студенттерге эстетикалық және этикалық тәрбие беру жүйесін жетілдіру, белсенді азаматтық, әлеуметтік жауапкершілік, патриоттық сезім, адамгершілік құндылықтар мен көшбасшылық қасиеттерді арттыру мақсатында өткізіледі.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасына Астана қаласының 15 университеті қатысады.

«Jastar Jalyny-2023» фестивалінде ұсынылған номинациялар:
Эстрада, Ұлттық би, Заманауи би, Музыкалық аспаптар, Шахмат, Поэзия, Медиа, Театр, Сурет, Qazaq Quiz, «Jastar Jalyny-2023» фестивалінің қазылар алқасы еліміздің ең тәжірибелі мамандарынан жасақталды.

Бағдарламаны мәдениет және өнер қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар мен видеографтар бағалады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Jastar Jalyny-2023 Астана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір