• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 00:35:24
Алматы

Оралхан Бөкейді еске алмау мүмкін емес. Әдебиетімізге жан бітіріп, көркем шығармаларымен көрік беріп кеткен тұлға бұл.

Оралхан Бөкей – кәсіби редактор және талантты жазушы, сөз өнерімен өшпес із қалдырды. Жарқын авторлық стилі оны әдебиетіміздің басты тұлғасына айналдырды.

Оның шығармалары өмірді сүюге, табиғат жаратылысының әдемілігін көре білуге үйретеді.

Оралхан Бөкей жарқын жазушы. Шығармашылығы мен жазуы, тұла бойы таланты тым ерекше.

Жазушы туған өлкесінің ғаламат табиғатын асқан шеберлікпен суреттей жүріп, қазақ прозасының өркендеуіне есепсіз үлес қосты. Оралхан балалық шағынан естеліктерінде айналасында үнемі дерлік жүздері жарқын, жайдары, адал да көркем мінезді адамдардың жүргенін жеткізеді. «Әйтеуір, не жазсам да заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырыстым» деген.

Биыл мұзтау мұзбалағы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жылдың жүзі болды. Осыған орай елімізде біршама іс-шаралар қолға алынды. Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған кітап көрмесі өтті. Көрнекті жазушының мерейтойына орай Қасым-Жомарт Тоқаев ресми құттықтау хатын жолдаған.

«Оралхан Бөкей – ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан біртуар тұлға. Қарымды қаламгер әдебиет әлеміне алғаш қадам басқан сәттен бастап шоқтығы биік шығармаларымен оқырман қауымның ықыласына бөленді. Жазушының жауһар мұралары көптеген шет тіліне аударылды, пьесалары еліміздің іргелі өнер ордаларында қойылып, көрермен көзайымына айналды. «Алтайдың кербұғысы» атанған ерекше дарын иесінің шығармашылық жолы, азаматтық ұстанымы және қайраткерлік қасиеті-жастарға әрдайым үлгі-өнеге. Оның мол әдеби мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық бола беретіні сөзсіз», делінген хатта.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

Медиажурналистика мамандығының 1 курс студенті Анеля Рузиева

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір