• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 07:37:42
Алматы
+35°

23 Қараша, 2023 Барлық аймақтар

Алматыға неге автобус шақ келмейді?

Байбектің бастап берген былығы еді бұл...

Фото: ашық дерек көздерінен алынған

Алматыда халық көбейген сайын қоғамдық көліктің тапшылығы сезіліп жатыр. Бюджеттен тағы 46 млрд теңге қарастырылып, тағы 600 автобус сатып алу жоспарланыпты. Қолданыстағы көліктердің біразы «автобус зиратына» тасталып, орнына жаңасын алмақ.

«Автобус зиратында» 800-ден астам автобус тұр. Ең ескісі 2010 жылы, жаңалары 2018 жылы әкелінген. Не деген сапасыз техника десеңізші. Бұл автобустар жүруге жарамсыз және жөндеуге келмейді екен.

"Алматыэлектротранс" ЖШС бас директорының орынбасары Абылайхан Омархан сатып алынатын автобустардың жөндеуге жарамсыз екенін айтқан. Алдағы уақытта бұл техниканың бәрі есептен шығарылады. ЛиАЗ маркалы 200-дей автобус 2017-18 жылдары сатып алынған. Оның 154 данасы Алматы облысына берілген болатын.

Қызық, жыл сайын автобус сатып алудан жалықпайды, бірақ сонда да қашан қарасаң автобус тапшы. Саясаткер Санжар Боқаев мұны жүйелі жемқорлық деп бағалайды:

– Бауыржан Байбек Алматыға әкім болған кезде автобус және троллейбус автопаркін «Green bus сompany» атты шымкенттік күмәнді бір компанияға табыстаған. Кейін трамвай жолын жойып, 1113 жаңа автобусты жоғары бағамен сатып алды. Құны 83 400 доллар сұратын көліктің бағасы бізге келгенде белгісіз себеппен 164 000 доллар болып кетеді. Солай 200 автобус екі есе қымбат бағаға сатып алынды. 2019 жылы бұлар есептен шығарылып, сол жылы қайтадан алдыртады. Сол жап-жаңа автобустар да екі жылдан кейін жарамсыз деп табылған. Компания кейін банкрот деп танылып, үкіметке бір тиын да қайтармады. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, бір автобус кемінде 7 жыл қызмет етуге жарайды. Ал бізде жөндеуге берілмей, тікелей тұраққа жіберіледі, дейді ол.

Әсем Жұмақан

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: автобус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір