• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Ақпан, 10:57:47
Алматы
+35°

09 Қараша, 2023 Экономика

"Қазақстан қарызға қатты батқан ел емес"

Қазақстан үкіметі жаңа қарыз алуды шектеп, қарыздың өсу қарқынын төмендетпек.

Фото ашық дереккөздерден алынды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың сөзінше, “біз ең алдымен ішкі нарықтан қарыз алу саясатын қабылдадық. Бұл валюталық тәуекелдерді жояды және сол арқылы қарызға қызмет көрсету шығындарын азайтады”.

Бұған қатысты қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан дабыл қақты: Ішкі нарықтан қарыз алу дегеніміз – 2 жылдан кейін, яғни, 2026 жылдан бастап, біз бюджетіміздің 30 пайызын сыртқы қарызды төлеуге жұмсайтын боламыз деген сөз, дейді ол.

Қаржы маманы Айбар Олжай сыртқы қарызды төлеуге келгенде, қарыздың структурасын қарау керек дейді. Бізде сыртқы қарыз бен мемлекеттік борыш ұғымы бар. Сыртқы қарызға халықтың түк қатысы жоқ. Ал мемлекеттік борышқа қатысымыз бар. Мәселен, ол жалпы ішкі өнімнің 24 пайызы деңгейінде. Бюджеттік кодекс бойынша, ол 30 пайыздан асып кетпеуі керек. Біз одан асып кетпедік. Екіншіден, оның басым бөлігі теңгемен есептеледі. Қарыз доллармен, валюталық қарыз болса, ол қауіпті саналады. Өйткені ол біздің төлем балансымызға әсер етеді. Кей адамдар шатастыратын шығар. Бірақ маман ретінде, мен алаңдайтын ештеңе жоқ деп ойлаймын, дейді ол.

 Қазақстан кімге, не үшін қарыз?

 – Қазіргі уақытта Қазақстанның сыртқы қарыздары көп емес. Бірақ жалпы, Қазақстан инфрақұрылымдық үлкен жобаларға синдикатталған қарыз алады. Синдикатталған қарыздар бюджетке салмақ салмауы керек. Яғни, оны қайтарып отыру мүмкіндігі жоғары. Егер үлкен инфрақұрылымдық жоба болса, мәселен, жол салу керек болса, бюджеттің балансын бұзбас үшін көбіне Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуразиялық даму банкінен қарыз алып отырады. Сонымен қатар, сыртқы қарызға елімізге кірген барлық инвестициялар, фирмааралық ақша қатынастары, біздегі шетелдік компаниялар бас кеңселерінің Қазақстандағы филиалдарына жіберген қаржысы, үкімет пен квазимемлекеттік компаниялар алған қарыздың барлығы кіреді.

Сыртқы қарыз дегенде, біздің негізгі бақылауымыз тиіс нәрсе – мемлекеттік борыш екенін түсінген кезде, «біз шетелге басыбайлы қарызбыз» деген алып-қашпа әңгімелерге көп сене бермейтін боласыз, дейді сарапшы.

 Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қарызы қазір 24 623,7 млрд теңге. Оның 86,3%-ын құрайтын үкіметтік борыштың құрамы мынадай:

ішкі борыш – 17 045,6 млрд теңге (69,2%),

сыртқы борыш – 7 578,1 млрд теңге (30,8%).

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір