• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 12:06:59
Алматы
+35°

13 Қазан, 2023 Әлеумет

"Жел тоқтаған жер" қайда? Кинокомпания жауап берді

Алдын ала көрсетілімге қатысқан жұрт бұл фильмнен жылап шыққан еді.

kino.kz

Қазақстанда 12 қазанда "Жел тоқтаған жер" деген фильмнің прокатқа шығуы тиіс болғанын, бірақ ол картинаның премьерасынан соң бұл туындыны үлкен экранға шығару белгісіз себеппен кейінге шегерілгенін жазған болатынбыз.

Qamshy.kz-ке Қазақстанда бұл картинаның прокаты не себепті кейінге шегерілгенін "Жел тоқтаған жер" фильмін түсірген "АРДФИЛЬМ" кинокомпаниясы түсіндірді:

 

"Жел тоқтаған жер" кинокартинасының прокаты 2023 жылдың 12 қазанында басталады деп жоспарланған болатын.

Алайда қазақстандық кино көрермендері тарапынан режиссер Мұрат Есжанның "Оян, қазақ" фильміне деген қызығушылығынан туындаған үлкен резонанстан кейін және картинаны кинотеатрдан көріп үлгермегендердің наразылығынан соң дистрибьюторлар "Оян, қазақ" фильмінің прокат мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Тиісінше, біздің "Жел тоқтаған жер" атты картинамыз 1920-1930 жылдардағы "Ашаршылық" кезеңіндегі оқиғаларды суреттейтіндіктен, бір тарихи заманды қамтитын екінші картинаның қабаттасып прокатқа қатар шығуын көрермен тарту тұрғысынан тиімсіз деп санадық.

Кино прокатшылары мен ірі дистрибьюторлармен жоспарлы жұмыс жүргізіп, еліміз бойынша қолдан келгенше көбірек кинотеатр қамтып, көбірек көрермен тарту мақсатында "Жел тоқтаған жер" фильмінің прокатын биылғы қараша айына шегеру туралы шештік",

делінеді "АРДФИЛЬМ" кинокомпаниясы берген түсініктемеде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір