• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:04:38
Алматы
+35°

13 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

Қырғызстанның әуе қорғаныс жүйесі Ресеймен бірігеді

Қырғызстан мен Ресейдің біріккен орыс базасы құрылды.

ҚР Қорғаныс министрлігі

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Әуеден шабуылға қарсы қорғанудың бірлескен аймақтық жүйесін құру жөнінде Қырғызстан мен Ресейдің арасындағы келісімді ратификациялау" бойынша заң жобасына қол қойды.

Бұл туралы президент сайтында 12 қазанда жарияланды.

"Қырғызстан мен Ресей арасында әуеден қорғанудың бірлескен аймақтық жүйесін құру екі елдің әуе кеңістігін қорғауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген мәліметте.

"Бұл құжат аясында Ресей Кант қаласының аймағындағы ресейлік авиациялық базаның ауданында әуеден шабуылдан қорғану компоненттерін орналастыруды жоспарлайды. Бұл мақсатта Қырғызстанның қорғаныс министрлігінің өтінішіне сәйкес, Канттағы әуе базаға қосымша 5 гектар жер уақытша пайдалануға беру бойынша тиісті істер жүргізілді. Әуеден шабуылдан қорғану істерін басқаруды қырғыз тарап жүргізеді, ал материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету орыс тараптан болады", - деді Қырғызстанның қорғаныс министрінің орынбасары Алмазбек Қарасартов.

Осыған дейін Ресейдің Мемлекеттік думасы Қырғызстан мен Ресей арасындағы келісімді ратификациялаған.

Былтыр тамызда Мәскеуде Қырғызстанның қорғаныс министрі Бақтыбек Бекболотов пен Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу құжатқа қол қойған.

Қырғызстанның орыс әскери базасына бірнеше объект кіреді. Олар "Кант" авиабазасы, Қаракөл қаласындағы сынау базасы, Чалдыбар қыстағындағы байланыс түйіні, Майлуу-Суу қаласындағы автономды сейсмикалық пункт. Бұл нысандардың бәрі 2012 жылдан бері Қырғызстан мен Ресейдің біріккен орыс базасына біріктірілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қырғызстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір