• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Шілде, 09:57:29
Алматы
+35°

Бүгінгі мәжілісте өткен Үкімет отырысында Нартай Аралбайұлы жеке клиникалардың қымбат екенін, бағаларды ретке келтіру керегін айтып Денсаулық сақтау министріне сауал жолдады.

“Мәселелер айтылды. Бірақ мұның барлығы уақытты, айлар мен жылдарды талап етеді.Ал Қазақстандағы биліктің қайнар көзі саналатын халықтың нақты шешуді талап ететін бірқатар мәселесі бар. Өйткені кез келген салада шешімді Астананың сол жағалауында қабылдағанмен онымен өмір сүретін халық екенін ұмытпауымыз керек. Азаматтар жеке клиникада емделуге мәжбүр болады. Алайда жеке клиникадағы бағаларды көрген адам өзінің ауруын ұмытып қалады. Жеке клиникадағы бағаларды қалай бақылауда ұстауға болады?”, деді депутат.

Министр Ажар Ғинаяттың айтуынша, жеке клиникадағы бағаларды шектеу мүмкін емес.

“Біз үкіметтің тарапынан дәрі дәрмектің бағасына ғана шектеу қоя аламыз. Ал дәрігердің қызмет ақысын шектеу жасай алмаймыз. Тек қана мемлекеттік мекеменің бағаларын бақылай аламыз. Ал жекеменшіктерге қатысты ондай құзыретіміз жоқ” деді Ажар Ғинаят.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір