• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Шілде, 17:23:15
Алматы
+35°

02 Шілде, 2024 NEWS

Қытай басшысы: Жаңа Қазақстанның жетістіктеріне тамсануға ғана келе жатқан жоқпын

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапар алдында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап жазған авторлық мақаласында бұл келуінің мәнін былайша түсіндіреді.

Фото: ашық дереккөзден

Мақаланың басында автор Қазақстанның өзіне тән, дербес мәдениеті мен өркениеті бар ел екеніне тоқталады.

- Дәл осындай таңғажайып уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен барып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысамын. Мен сіздердің көрікті елдеріңізге ҚХР Төрағасы ретінде бесінші рет аяқ басқалы тұрмын. Қазақстанның таңғажайып төл мәдениеті, көз тартар табиғаты, дос пейілді және қонақжай халқы – осының бәрі менің жан дүниемде ерекше жанашырлық оятады. Мен зор үміт артып отырған алдағы сапар жаңа Қазақстанның жетістіктері мен бүгінгі келбетіне сүйініп қарап, тамсануға ғана емес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылап, ШЫҰ-ны әрі қарай дамытудың және қытай-қазақ қарым-қатынасының басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді, - деп жазады Си Цзиньпин.

Қытай басшысы екі елдің тату көршілікті ту етіп дамуы уақыттың талабы екенін айтады.

- Осынау сан ғасырлық достық біздің елдердің арасындағы қарым-қатынасты дамыту тарихтың пәрмені, уақыттың қалауы екенін көрсетеді, - дейді ҚХР төрағасы.

Бұған дейін хабарланғанындай, 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Ол сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір