02 Қазан, 2023 Барлық аймақтар
1,1 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлаған коммуналдық кәсіпорын басшылығы ұсталды
Шымкент қаласының әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаментінде тергелуде.
ашық дереккөздерден алынды
Шымкент қаласындағы қосалқы мердігерлер мен лауазымды тұлғалардың бірлесуімен жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылату арқылы электр, жылу желілерін жөндеуге бөлінген 1,1 миллиард теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісімен жемқорлық әрекеті жасалынды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаға Астанадағы қымбат тұрғынүй кешендерінен 150 миллиион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамалып, оларға сотқа дейінгі тергей жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір