• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Қыркүйек, 00:29:39
+8°

25 Қыркүйек, 2023 Саясат

Қазақстан мен Армения ОДКБ-дан шықпайды – ҚР СІМ

Бұл елдер ОДКБ-ның қорасынан трактормен тартсаң да шықпайды.

akorda.kz

25 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров кейбір агенттіктерде тараған ақпаратты жоққа шығарды. 

"Қазақстан мен Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны рас па?" деп сұрады журналистер.

Айбек Смадияров бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады zakon.kz.

"Иә, бір агенттіктен оқып қалдым. Енді әріптестерден қазір анықтауға тырысамын. Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шыққалы жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Егер Армения өз талаптарын белгілесе, сол елдің ісі ғой. Ол туралы ештеңе айта алмаймын. Ал біз сол ұйымның шеңберінде әлі жұмыс істеп жатырмыз. Бірер күн бұрын ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері отырыс өткізді. Онда олар ұйымды одан әрі дамыту жолдарын, осы ұйым аясындағы өзара іс-қимылдың түрлерін талқылады. Сондықтан біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ОДКБ Пашинян қаңтар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір