• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Маусым, 06:44:08
Алматы
+35°

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі отандық өнеркәсіпті танымал ету және қазақстандық тауарлардың имиджін арттыруға бағытталған «Отандық өндіріс» медиа-жобасы басталды. Аталған жоба аясында алматылық журналистер жергілікті әкімдік пен өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдерімен бірге өңілрдегі екі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорнын аралады.

Журналистер аралаған алғашқы нысан – "Казлегпром-Алматы" ЖШС. Бұл нысан Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің тігін және аяқ киім саласының ірі жоғары технологиялық өндірістік кәсіпорындарының бірі болып табылады. Зауыт нарықта 2011 жылдан бастап табысты жұмыс істеп келеді.

"Казлегпром-Алматы" ЖШС негізгі мақсаты Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп нарығын бәсекеге қабілетті, отандық өндірістегі тігін-аяқ киім өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады. Тігін-аяқ киім фабрикасының өндірістік қуаты жылына 1,5 млн. дейін түрлі тігін бұйымдары мен 500 мың жұп аяқ киім шығаруға мүмкіндік береді.

увм

Өндірістік кешен жалпы ауданы 12033,7 м2 болатын 1 гектар жерде орналасқан. Зауытта 400-ден астам қызметкерлер еңбек етеді. Өндіріс тігін және аяқ киім өндірісінің ең озық технологиялық шешімдері енгізілген заманауи жаңғыртылған кешен болып табылады. Фабриканың әлемдік жетекші өндірушілердің (Германия, Жапония, АҚШ) заманауи және жоғары технологиялық жабдықтарымен қамтамасыз етілуі қысқа мерзімде жоғары сапалы үлкен көлемдегі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Тігін-аяқ киім фабрикасы 2013 жылдан бастап сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкестігін растайтын ҚР СТ ИСО 9001-2009 "Сапа менеджменті жүйесі" және ҚР СТ ИСО 14001-2006 "Экологиялық менеджмент жүйесі" жүйелерін енгізіп, тиісті сертификаттаулардан өткен.

ук

Фабрикада шығарылатын өнімнің барлық ассортиментінде СТ-KZ сертификаты бар. Өнімдерде қазақстандық қамту үлесінің көрсеткіштері 52-84% құрайды. Зауыттың қоймасы осы тігін-аяқ киім фабрикасының аумағында орналасқан. Жалпы ауданы 3 960 ш.м. құрайды. Жалпы  ЖШС орналасқан жерінің ыңғайлылығы,  кірме жолдардың және өз көлік паркінің болуы, сондай-ақ көлік компанияларымен тығыз қарым-қатынастағы ынтымақтастық байланыстар зауыт өнімдерін бүкіл Қазақстан бойынша жедел жөнелтуге және жеткізуге мүмкіндік береді.

аук

"Біз 200 джоульге дейін соққы беріктігіне төтеп беретін аяқ киім табаны мен арнайы аяқ киімге арналған қауіпсіздік жастықшаларын шығаратын жалғыз компаниямыз. Бұл ГОСТ стандарттарына сәйкес келеді",-деді "Қазлегпром-Алматы" ЖШС директоры Олжас Зияханов.

Компания аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жобаға бірінші болып қатысты.

акуу

Олжас Зияхановтың айтуынша, компаниядан шығатын барлық аяқ-киімнің арнайы штрих-коды бар. Бұл штрих-код арқылы компания туралы барлық қажет ақпарат пен өнімнің сапасы, ерекшелігі туралы мәлімет алуға болады. 

Бұдан бөлек компанияда қолданылатын теріге арналған материал да Қазақстанда шығарылған. ны Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан "Almaty Таппегу +" ЖШС былғары зауытында сатып алады. Ал аксессуарлар Қытай мен Түркияда тапсырыс береді.

аку

Өндірісте қолданылатын жабдықтар немістікі және жабдықтар әр 10 жыл сайын жаңартылып отырады. 

"Өткен жылы 16 автомат сатып алынды, олардың әрқайсысы үш-төрт адамды алмастыра алады. Процесті автоматтандыруға қарамастан, адамдар мұнда жұмыссыз қалмайды, өйткені жабдықты басқару керек. Жалпы, "Казлегпром-Алматы" ЖШС-де 700-ден астам адам еңбек етеді. Орташа жалақы 200-250 мың теңге", дейді компания директоры. 

аку

Фабрикада күніне 2 мыңнан астам киім тігіліп, өңделеді. Техникалық жабдықтардың барлығы заманауи. Егер сіз қалтаны қолмен тігетін болсаңыз, онда ол 5-10 минутты алады, ал машина сізге дәл осындай жұмысты 20-30 секундта жасауға мүмкіндік береді. Тіпті түймелер қазір қолмен тігілмейді: бүкіл процесс автоматтандырылған.

"Қазір 20-30 тігінші екеуміз күніне 400-500 пиджак, жейде секілді киімдерді дайындап шығамыз. Егер барлығын қолдан жасайтын болсақ үлгермейтін едік. Автоматтандырылған жабдықтарсыз мұндай көрсеткішке жету мүмкін емес. Содан кейін толығымен тігілген өнімдердің презентациясын жасаймыз", - деді пиджак цехының қызметкері Гүлназ Молдабекова. 

Өндірістегі шикізат көзі әртүрлі. Шикізатты әсіресе Түркия, Ресей Қытай елдерінен әкеледі. Ал классикалық киімдерге арналған матаны Италиядан, Португалиядан сатып алады екен. 

акуа

"Біз көбіне мақта секілді табиғи материалдарды қолданамыз.Қазақстандағы ер азаматтар арасында қандай тренд жүріп жатқанын бақылаймыз. Соған сай өнім дайындауға тырысамыз. Қазақстандық азаматтар көбінесе тыныш, жылы түстерге құмар десек те болады. Көк, қара және сұр түстің барлық реңгін жақсы көреді деп айта аламын. Ерлер тар, қысқа курткаларды жиі сатып алса, әйелдер үлкен, оверсайз болып тұратын сырт киімдерді жиі сатып алуда", деп пікір білдірді дизайнер Нұрбибі Байтасова. 

Өзінің жетістікке жету оқиғасымен бөліскен Олжас Зияханов кез келген азамат өз ауылында немесе қаласында үлкен нәтижеге қол жеткізуге болатынын айтты. 

"Тек бір Алматыда күн сайын бір жарым миллион адам жұмысқа келеді. Егер қала маңындағы ауылдарда осындай зауыттар ашылса, бұл біздің халық үшін жақсы болатын еді. Адамдар көлік кептелісінде екі-үш сағат тұрып, қалаға қатынап жұмыс істемейтін еді", - дейді кәсіпорын басшысы.

Айта кетейік, "Казлегпром-Алматы" ЖШС кеңейтуді жоспарлап отыр: компания Ұзынағаш ауылында 300-400 жұмыс орнына тағы бір зауыт салу үшін жер учаскесін сатып алған. Кәсіпкерлікті дамыту қорына қаржыландыруға өтінім беріп қойған. Қазіргі уақытта өтінім қаралып жатқан көрінеді. 

Кәсіпорын басшысы қызметкерлердің біліктілігін арттыратын арнайы курс барын айтып өтті. 

"Қазірдің өзінде кәсіпорында сән және дизайн колледжінің, флористика колледжінің, Алматы технологиялық университетінің 70-тен астам студенті тәжірибеден өтуде. Олар негізінен осында жұмыс істейді. Фабрикада "Шебер" оқу орталығы бар, онда олар кез-келген адаммен кәсіби дағдыларын бөлісе алады", дейді ол. 

Журналистер барған екінші кәсіпорын - "ҚазСПО-N" ЖШС. Компания 1996 жылдан бастап киім тігумен айналысады. Компания қызметінің негізгі бағыты – мұнай-газ секторына, арнайы бөлімшелер үшін жұмыс киімдерін, табиғи мамықтан сырт киімдерді шығару болып табылады.

ау

Сонымен қатар, жеке брендпен спорттық формалар (ZIBROO сауда маркасы, www.zibroo.kz) және тоқылған трикотаж (Alerma сауда белгісі, www.alerma.kz) өнімдері шығарылады.

Өндіріс заманауи автоматтандырылған жабдықтармен толық жабдықталған. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 30-40 мың бірлікті құрайды. Шығарылатын өнімдердің номенклатурасы 500 модельге дейін, оның ішінде  200-ден астам моделі әйелдердің курткалары құрайды.

Кәсіпорында матаның қаттылығы мен қыл-қыбырының сапасын анықтайтын жеке зертханасы бар. Бұдан бөлек кәсіпорын тұрақты түрде халықаралық көрмелерге қатысады. Ккуртка өнімдері негізінен Ресейге экспортталады.  2 жыл көлемінде зауыт өнімі Америка мен Еуропа нарығында да ұсынылды.

Өндірісте "Zibroo-school" кадрларды даярлау бойынша жеке мектеп құрылып, жұмыс істейды. Онда тұрақты негізде барлық үйренгісі келетіндер тегін оқытылады. Өндірістік желіні кеңейту мақсатында, жақын маңдағы өңірлер үшін жаңа филиалдар ашу жоспарлануда. Кәсіпорын жетекшісінің айтуынша алғашқы филиал Есік қаласында ашылады. 

ауйу

"Мен тігін өндірісін 27 жылдан бері басқарып келемін. Біз киімнің үлкен ассортиментін өндірумен айналысамыз. Соңғы 7 жылдан бері айналысып келе жатқан  бағытымыз-Alerma брендімен төменгі курткалар шығару. Біз маталарды Италиядан, Түркиядан, Қытайдан импорттаймыз. Ал мамықты Ресейден әкелеміз. Кейбірін өз елімізден аламыз", - деді "ҚазСПО-N" тігін фабрикасының бас директоры Елена Свечникова.

Бұл компания Қазақстанда куртка(пухавик - Ред.) шығаратын жалғыз компания. Бірақ кәсіпорын өндірісіне ерекше және арнайы технологиялар қажет.  Сондықтан кәсіпорын материалдың сапасы мен қаттылығын анықтау үшін арнайы зертхана ашқан. Бұл құрылғыларсыз жоғары сапасы жоғары курткалар шығару мүмкін емес. 

"Біз қазір Владивостоктан Калининградқа дейінгі Ресейдің 40 қаласында куртка сатамыз. Екі жыл бойы олар Америкаға, бірнеше жыл бойы Еуропаға сыртқы киімдерін экспорттады. Жалпы, бүгінгі таңда төменгі курткалар бойынша экспорт 90 пайызды құрайды. Ал 10 пайызы Қазақстан бойынша – Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен қалаларына жөнелтіледі. Бір цех күніне 50-ге жуық пиджак шығарады. Біз бірегей өнімді шығаруға көбірек көңіл бөлеміз", – деді кәсіпорын басшысы.

Өткен коллекциядағы курткалардың ең төменгі бағасы-40-60 мың теңге. Ал жаңа коллекцияда  240 мың теңге тұратын куртка бар.  Мұндай курткалардың матасы қымбат, итальялық. Айтпақшы, бұл компанияның барлық курткаларын кір жуғыш машинада жуып алып кие беруге болады. 

Сырт киім қатты аязға төзімді етіп жасалған. Куртканың ішінде арнайы мембрана қойылады. Адам өзін қалың көрпеге оранған секілді жылы сезіне алады. Шамамен 40 градус суыққа төзімді етіп жасалған. 

"Біз Қазақстан Қорғаныс министрлігіне, арнайы жасаққа осындай сырт киімдер тігіп бердік. Содан кейін осы технологияда басқа да сырт киімдер дайындауды жөн көрдік. Қазіргі таңда біз 50 градус аязды күндерге арналған сырт киімдер дайындай аламыз. Мұндай технология бар", дейді ол. 

Өткен жылы компанияның тауар айналымы 1,5 миллиардты, биыл 1 миллиардты құрады. Тігіншілердің жалақысы тәжірибесіне қарай әртүрлі. Шамамен 150 мыңнан басталып 250 мыңнан асады. Алайда Елена Свечникова кәсіпорынға білікті мамандар жетіспейтінін тілге тиек етті. 

"Көшеден өтіп бара жатқан адамдарды шақырып қазақ және орыс тілінде тігін тігуді үйретіп отырмыз десек болады. Арнайы тест дайындап, емтиханнан өткізіп, сертификаттарын береміз. Осылай өз командамызды көбейтін отырамыз. Біздегі біліктілікті арттыру курстары тегін өтеді. Себебі кәсіби мамандар жетіспейді", дейді басшы. 

Кәсіпорында шамамен 200-дей адам жұмыс істейді. Жұмыс жылдың 365 күні жүріп жатыр. Ал тендерге қарап қалмас үшін компания өзінің жаңа коллекциясын ойлап тапты. Алайда жақын арада компаниядағы жұмысшылардың саны артқалы отыр. Себебі Есік қаласынан жаңа филиал ашылып, сол өңірдегі адамдарды жұмыспен қамтуды жоспарлауда. 

Жалпы Алматының өнеркәсібі сенімді өсуді көрсетіп отыр. 2023 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімі 1 303,7 млрд теңгеге өндірілді, бұл 2022 жылғы қаңтар-тамыз деңгейіне қарағанда 121,7% -ды. құрады.

Соңғы жылдары автомобиль жасау қарқынды дамып келеді. Алматының индустриялық аймағы аумағында HYUNDAI автомобиль зауытын (2020 жыл) іске қосу автомобиль жасау кластерін дамытуға сәтті серпін берді.

2022 жылы Өңдеу өнеркәсібі өсімінің 70%-ы автомобиль жасау есебінен қамтамасыз етілді, 37,2 мың автомобиль өндірілді, Салықтық түсімдер 8,7 млрд теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің деректері бойынша жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындар 6 586 компания болып табылады.

«Отандық өндіріс» медиа жобасы аясында ағымдағы жылдың соңына дейін баспасөз турларына қатысушылар Шымкент қаласының, Түркістан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының кәсіпорындарына (тоқыма кәсіпорындары, жиһаз шығару бойынша, ірі өнеркәсіптік зауыттар, оның ішінде Кентау трансформатор зауыты және «KamaTyresKZ» ЖШС) барады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір