• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 16:02:18
Алматы
+35°

21 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Ақтауда ауруханадан өрт шықты

6 қабатты Маңғыстау облыстық ауруханасының 3-қабатынан өрт шығып, 470 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттың агенттігі.

Фото: ашық дерек көздерінен

 

“20 қыркүйек күні сағат 22:38-де Ақтау қаласының 26 шағын ауданы 71/3 ғимараты, яғни облыстық ауруханада өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары шақыруға жіберілді. Оқиға орнына жеткеннен кейін 6 қабатты ғимараттың 3-қабатындағы урология бөлімшесінен желдету каналында жану ошағы табылды”, - делінген баспасөз мәліметінде.

Ауруханадан 470 адам эвакуацияланған. Оның 150-і төтеншеліктердің күшімен шығарылған.

Зардап шеккендер мен жарақат алғандар тіркелмеген.

Өрт сағат 23:31-де сөндірілген.

Тұтанудың себебі анықталған.

Айта кетейік, қазір Маңғыстау облыстық ауруханасы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір