31 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресейдің белгілі пародисі, шоумен Максим Галкин Қазақстанда жоспарланған концертінің болмайтынынмәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
Галкиннің айтуынша Қазақстандағы концертке билік тарапынан тыйым салынып отыр.
"Басында концерт билеттері жақсы сатыла бастаған еді. Содан кейін "билеттер сатылмайды" деген әңгіме шыға келді. Енді неге екені белгісіз, концертке мүлдем тыйым салыныпты. Мен Қазақстанды азат, еркін ел деп ойлайтын едім. Қателескен екенмін" – деді ол.
Сонымен қатар, шоумен Қазақстандық көрермендерді жоғары бағалайтынын айтып, алдағы уақытта қайта келетінін жазды.
Еске сала кетейік, Максим Галкин мен оның зайыбы атақты әнші Алла Пугачева Ресей Федерациясының басшылығын Украинаға басып кіргені үшін сынап, Израильге көшіп кеткен.
Былтыр қыркүйек айында Ресей Федерациясының әділет министрлігі Галкинді шетелдік агент деп таныған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір