• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 16:45:38
Алматы
+35°

Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тергеу органдарының Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтінішті қанағаттандырды. Осылайша, Қайрат Құдайберген 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін қамауда болады", - делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылдың сәуірінде Алматы қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Кәсіпкер қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталған еді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір