• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 06:38:35
Алматы
+35°

Қазақстандық әйелдер полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жиі шағымдана бастаған. 

Соңғы айда 10 мың әйел полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы арызбен жүгінген. Үйде жанжал шығарғандардың көпшілігі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, кейбіреулері сауықтыру пунктіне жабылған. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Еске сала кетсек, биыл 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаза қатаңдаған. Енді тәртіп сақшылары жәбірленушілердің шағымынсыз іс қозғай алады. Куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ бейнекамера жазбалары жеткілікті.

"Шілде айында тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 10 мыңнан астам хабарлама келіп түсті. Сонымен қатар, жанжал шығарғандардың 92 пайызы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алғаш рет құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі адам ескерту немесе 5-10 күнге дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Тәртіп бұзған жағдайда 25 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылады"- деді ІІМ ТЖК департаментінің бастығы Руслан Қаржаспеков.

Дегенмен кодекстегі өзгерістер мен полицияның жұмысы жақсы нәтиже беріп келеді. Соңғы кезде тұрмыстық кісі өлтіру саны 1,5 пайыз азайған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір