• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Шілде, 15:41:19
Алматы
+35°

Орал тұрғыны шетелге бір бүйрегін сатпақ болған. Оның бұл әрекетіне отбасы жағдайы себеп болған. Бұл туралы ІІМ ресми сайты хабарлады.

33 жастағы ер адам бүйрегін қолма-қол ақшаға сату туралы Телеграмға хабарландыру жариялаған. Кейін онымен сатып алушылар байланысып, екі жақ операцияны Кенияда өткізуге келіскен. 

Ота құны 20 мың АҚШ доллары болған. Оралдық екі ай бойы медициналық орталықтарда тапсырған талдау нәтижелерін Telegram-арнасы арқылы жіберіп отырған. Сайт қызметкерлері оған жол жүру, электронды виза үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген.

Ер адам 30 шілде күні Алматы халықаралық әуежайында ұсталды.

Оқиғаға қатысты "адам ағзалары мен тіндерін күштеп алу немесе заңсыз алу" бабы бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ағза сату

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір