• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қазан, 21:31:46
Алматы
+9°

Үкімет орман мекемелеріндегі өрт сөндірушілерге арнайы киім алу үшін 918 млн теңге бөлетінін хабарлады. 

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойған қаулы бойынша бұл қаражатқа 30 табиғатты қорғау мекемесі мен 16 орман мекемесінің қызметкерлеріне өрттен қорғайтын киім сатып алынады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. 

Еске сала кетейік, маусым айының басында Абай облысындағы "Семей орманы" резерватында өрт шығып, бір аптаға жуық уақыт ішінде оның аумағы 60 мың гектардан асты. Өрт кезінде 15 адам қаза болды, оның  14-і – орман шаруашылығы қызметкері. Марқұмдардың туыстары орманшылар өрт сөндіруге ешқандай құрал-жабдықсыз барғанын, оларға жұмысынан арнайы киім берілмегенін айтқан. Кейін кәсіпорын басшылығы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған деген күдікке ілінді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір