• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 14:37:34
Алматы
+12°

Әнші Төреғали Төрәлінің қамауда ұстау мерзімі тағы 3 күнге ұзарды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жазаға тартылып, қосымша 3 күнге қамауға алынды. 

Алматы қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат А-ға қатысты ӘҚКо 613-бабы, 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қаралды.

"2023 жылы 14 маусымда өткенде сот отырысында сот азамат А-ның полицияның заңды талабын орындамағанын анықтады. Сот отырысында тәртіп бұзушы іс материалдарында тіркелген фактілерді ішінара нақтылады. Сот қаулысына сәйкес, азамат А. жоғарыда аталған бапта қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берді деп танылып, оған үш тәулікке қамау түрінде әкімшілік жаза тағайындалды", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір