• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 17:30:40
Алматы
+12°

Ресейлік әнші Григорий Лепстің директоры Владимир Урюпин әншінің Қонаевтағы концерті тоқтатылғаннан кейін Қазақстан туралы пікірімен бөлісті.

"Қазақстан–нағыз русофобиялық ел. Бірақ одан Григорий Викторовичтің ұстанымы өзгермейді. Өзге елдер не десе де, біз өз елімізді қолдаймыз. Концертті тоқтата берсін. Қазақстансыз да тірлігімізді жасай береміз. Біз өз елімізді қолдаймыз және жеңіс біздікі болу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл оқиға қазақстандықтар есінен адасып жатқанынын тағы бір көрінісі болды", – деді Урюпин Газета.Ru басылымына.

Сонымен қатар, ол Лепстің енді Қазақстанға бармайтынын айтты.

"Бізді ыстық пейілмен күтпейтін елдерге бармаймыз, бұл АҚШ қа барғанмен бірдей. Дұшпандар бізге не істесе, біз де оларға соны істейміз", – деді ол.

Еске салайық, Лепс 8 шілдеде Қонаев қаласында концерт қоюды жоспарлаған болатын. Билет бағасы 50 мың теңгеден басталып, 1 миллион теңгеге дейін бағаланған. 

Бұған дейін Ресей әншілері Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғандарға бір миллион рубльден төлеуге дайын екенін мәлімдеген. Сондықтан қазақстандықтар соғысты қолдайтын әртістің елімізде өнер көрсетуіне  наразылық білдірді.

Көп ұзамай Григорий Лепстің концерті өтпейтіні белгілі болды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір