• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Маусым, 05:23:17
Алматы
+35°

Прокуратура Алматы тұрғындарына жүгінді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желілерде 31 мамырда Алматыда өткен митингілерге қатысу туралы үндеулер таратылуда. Прокурорлардың баспасөз қызметі бұл күндері мегаполисте қандай да бір бейбіт жиналыстар өткізу келісілмегенін хабарлады.

"Осыған байланысты жалған хабарламалар арқылы жарияланған акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу және де қандай да бір митингіге шақыру заңсыз", - деп ескертеді ведомства. 

Заң талаптарын бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу заңсыз болып табылады және жауаптылыққа әкеп соғады. Бұзушылар 25 тәулікке дейін қамауға алынады. Сондықтан тұрғындарды осындай акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

"Құқық қорғау органдары белгіленген құқықтық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, рұқсат етілмеген митингіге шыққандар әкімшілік жауап кершілікке тартылуы мүмкін", - деп қорытындылады прокуратура.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы қаласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір